27 Сәуір, 2015

Жеңімпаздар форумы Жетісу жерінде де жалғасын тапты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ED0_2358ТАЛДЫҚОРҒАН. 27 сәуір. Талдықорғанда «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге» атты жеңімпаздар форумы болып  өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оны Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ашып: «Мемлекет басшысының сарабдал саясатымен жүрген еліміз барлық қиындықты жеңіп, жаңа жетістіктерге жетіп, күннен-күнге тұрмысы жақсарып, бейбіт өмір сүруде. Президенттік сайлау – халқымыздың бірлігін нығайтып, еліміздегі саяси тұрақтылықты бекіте түсті. Елбасы сайлау алдында кіндік қаны тамған Жетісуға келіп, жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленген еді. Халық өз таңдауын жасады», – деді. Сонымен қатар, өңір басшысы: «Алматы облысының сайлаушылары Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлын бірауыздан қолдап, үлкен белсенділікпен дауыс берді. Барша қазақстандықтар секілді жетісулықтар да дұрыс таңдау жасады. Жерлестері Елбасын нақты іс жүзінде қолдап, республикамызда бірінші орынға ие болды. Бұл – өз ұлына деген туған жердің сыйы, тілеуі екені анық! Біздің алдымызда зор міндеттер тұр. Оның ең бастысы – Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу. Бұл асуды біз Президентімізбен бірге алатынымызға сенімдімін», – деді. Келесі кезекте, ашық аспан астына құрылған сахна төріне еңбек ардагерлері, демократиялық партия мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, студент жастар және спортшылар шығып жүрекжарды тілектерін білдірді. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Нұрбол Әлдібаев. Дерек, сурет: egemen.kz. ASK_9418