27 Сәуір, 2015

Ақтөбеде жеңімпаздар форумы жоғары деңгейде өтті (фото)

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
4АҚТӨБЕ. 27 сәуір. Ақтөбедегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық саябақта жеңімпаздар форумы асқан ұйымшылдықпен өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Жүздерінен қуаныш лебі ескен ақтөбеліктер түске таман саябақты лық толтырды десе де болады. Мыңдаған қала тұрғындары, «Нұр Отан» партиясының белсенділері, жастар мен студенттер қатысқан бұл шара ақтөбеліктерге қөтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жеңімпаздар форумында облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова президенттік сайлаудың өңірде демократиялық талаптарға сай ұйымшылдықпен және сайлаушылардың жоғары белсендігімен өткенін атап өтті. «Нұр Отан» партиясының кандидаты іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын басымдықпен жеңіске жеткенін, қазақстандықтардың дұрыс таңдау жасағанын жеткізді. Оның айтуынша, облыс сайлаушыларының 96,7 пайызы сайлауға қатысқан. Одан кейін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәди Елеусізов, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек, сондай-ақ, Бейбітшілік және келісім кеңесі облыстық бөлімшесінің төрағасы Келдібай Еспағамбетов құттықтау сөздерін арнады. «Біздің кәсіпорында көптеген жұмысшылар әулеті еңбек етеді. Біздің әулеттің осы зауыттағы жалпы жұмыс өтіліне 50 жыл болады. Біз әулетімізбен Нұрсұлтан Әбішұлын қолдап дауыс бердік. Президент Қазақстанды дамудың даңғыл жолымен алып келеді», – дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы Ержан Атыраубаев. Шарада сөз алған қалалық мәслихаттың депутаты, серіктестік басшысы Әнуар Тасымов, Жұбанов атындағы мемлекеттік өңірлік университетінің студенті Азамат Әбілқайыр қазақстандық жастарға барлық жағдай туғызылғанын Елбасының сарабдал саясатымен сабақтастырды. Жеңімпаздар форумының соңы жергілікті өнерпаздардың ән-жырына ұласты. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz. DSC_4600 DSC_4602