Ауа райы • 11 Қыркүйек, 2024

Қазақстанда күн суытады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 2024 жылдың 12, 13 және 14 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күн суытады

Фото: Yandex.ru

Мамандардың болжамына сәйкес, кең ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде өз әсерін әлі де сақтайды, сәйкесінше, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Десе де, солтүстіктің салқын ағындары температураның төмендеуіне ықпал етеді.

Тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, түнде қар жаууы мүмкін.