Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 17:27

Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орын алды

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орын алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Дүбірлі додада еліміздің ерлер құрамасы Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан, Монғолия ойыншыларын 3:0 есебімен жеңді. «А» тобында қарсылас шақ келтірмеген асықшыларымыз финалдық ойында Қырғызстанмен кездесіп,  2:1 есебімен тізе бүктірді.

Финалдық кездесу «Алау» мұз айдыны кешенінде өтті.