27 Сәуір, 2015

Шығыс өңірінде жеңімпаздар форумына 8 мың адам қатысты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_9420ӨСКЕМЕН. 27 сәуір. Елбасы жеңісіне шынайы қуанған шығысқазақстандықтар облыс орталығындағы Абай ескерткішінің алдына жиналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 8 мыңнан астам тұрғын жиналған көңілді кеш, салтанатты жиын асқақтаған ел мерейінің көрінісі іспетті. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жеткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арналған жеңімпаздар форумында жұртшылық Қазақстанның көк туын биікке желбіретіп, экраннан Елбасының сайлауда зор сенім білдірген шығысқазақстандықтарға ізгі тілегін зор қошеметпен тыңдады. Мерекелік жиында сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан облыстық және қалалық штабтардың мүшелері мен жас кәсіпкерлер, волонтерлер мерекелік көңіл-күйлерімен бөлісті. «Біз – Мәңгілік Ел үшін дауыс бердік. Біз баянды және берекелі өмір үшін дауыс бердік. Біз еңбек етіп, өркендеуге мүмкіндік жасаған Елбасымыз үшін дауыс бердік. Бұл жеңіс – барша қазақстандықтардың жеңісі! Нұрсұлтандай Көшбасшысы бар халық – бақытты халық. Барлықтарыңызды ортақ жеңісімізбен құттықтаймын!», – деді жас кәсіпкер Бекзат Нұрасылов. Форум соңы айтулы концертке ұласты. Жергілікті жезтаңдай әншілермен қатар, бұл кешке арнайы келген «Орда» тобы мен белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева және тағы басқа эстрада жұлдыздары өскемендіктерді өнерімен тамсандырды. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: Есімхан Орынбаев. DSC_9412