Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы “Қазақстан” орталық концерт залында өткен “Астана – махаббатым менің” атты 12 сериялы телехикаяның тұсаукесер рәсіміне қатысты. Президент өз сөзінде бұл телехикаяның Астана туралы ең алғашқы ірі жоба екенін атап өтіп, авторларды сәтті туындының дүниеге келуімен құттықтады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Туындыны Қазақстан мен бауырлас Түркия киногерлері бірлесіп түсірген. Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ірі экономикалық табыстарға жетті, соның арқасында осындай айтулы шығармашылық жобаларды жасауға мүмкіндіктер туып отыр. “Сіз Астананы әсем шаһарға айналдырып қана қойған жоқсыз. Дін лидерлерін шақырдыңыз, дін адамдарының жүрегі таза, орны да таза болады. Солардың барлығының батасымен нұрландық. Олар осында келген кезде Сізге бүкіл дүние жүзіндегі татулық пен бірліктің лидері деген батасын беріп, шын көңілден мойындады”, – деді министр Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекет басшысына қаратып.
Телехикаядағы оқиға былай өрбиді: 1985 жылдың қақаған қысы. Целиноград қаласының үстінен ұшып бара жатқан ұшақтағы әбігер. Түркиялық дәулетті адамның әйелі босанып, дүниеге қыз әкеледі. Жолаушылардың ішінде жалғыз дәрігер келіншек бар еді. Екі жасар ұлымен келе жатқан. Әлгі әйелді сол босандырып алады. Көмегіне разы болған түркиялық ханым құда болуға ниет білдіреді.
Арада 24 жыл өткенде оқиға қайта жанданады. Бұл кезде Қазақстан тәуелсіз ел атанып, баяғы Целиноградтың орнына ажарлы Астана салған. Кіндік қаны Астана аспанында тамған Інжу мен сол кезде 2 жаста болған Ерлан қайта табысады. Бірін-бірі ұнатқан екі жастың басынан кешкен шытырман оқиғалар түгелімен Астанада өрбиді...
Телехикаяның қоюшы режиссері Ермек Шынарбаев көрермен қауымға телехикая кейіпкерлерін сомдаған Бакар Акча, Әділ Ахметов, Жанна Қуанышева, Гүлнәр Досматова, Эрман Бурмали, Эрдал Джиндорук қатарлы әртістермен таныстырды.
Басты рөлді ойнаған Бакар Акча осы телетуындыға түсу арқылы Астанадай көрікті қаламен, Қазақстанның кеңпейілді, қонақжай адамдарымен танысу бақытына ие болғанын айтты. Әсіресе, оның Елбасымен жүздескен сәті есінде қалыпты.
– Сізді біз түркі дүниесінің көшбасшысы, қазақтың Ататүрігі санаймыз. Құпиялау болса да бір жағымды жаңалықты айтайын, жақында біздің елде Сізге ескерткіш орнатпақ. Өзіңізді мақтағанды жақсы көрмейтініңізді білеміз, алайда бұл Сізді шын құрметтейтін және қадір тұтатын түркі халқының жүрегінен шығып отыр, – деді ол.
Жобаның телевизиялық нұсқасы 1 шілдеден бастап “Хабар” телеарнасынан көрсетіле бастайды.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:37
Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 14:10
Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:50
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08