Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 10:15

Қазақ-қырғыз арасындағы көкпар финалы тікелей эфирде көрсетіледі

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көкпар және көк бөрүден финалдық бәсекеде алтын жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақ-қырғыз арасындағы көкпар финалы тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: Ерлан Омар| EQ

Алдымен көкпар бойынша жеңімпаз анықталады. Кездесу «Қазанат» ипподромында сағат 11:00-де басталады.

Ал көк бөрү спортынан 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының чемпиондық атағы сағат 16:30-да сарапқа салынады. 

Финалдық бәсекелерді Qazaqstan ұлттық арнасы мен Хабар телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.