Қылмыс • 12 Қыркүйек, 2024

Алматыда интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыскерлер ұсталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері халықаралық желіде интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыскерлер тобын қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыскерлер ұсталды

фото ашық дереккөз

Алматы қаласы бойынша 4 жерден call-орталық ашқан интернет алаяқтар Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарын құрыққа түсіріп, оларға жалған инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған.

« Төрт қылмыс ошағынан 52 қылмыскер ұсталды. Олардың арасында 47 шетел азаматы, 5 Қазақстан азаматы бар. Алаяқтар шетелдіктерге 2 мыңнан астам қоңырау шалған. Тінту кезінде 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта табылды. Олардың ел азаматтарына қатысты қаншалықты интернет-алаяқтық жасағандары тексеріліп жатыр», делінген хабарламада.