Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2024

Қарағанды облысында балықшылар құтқарылды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында Осакаров ауданының балықшылары құтқарылды. Олар жағаға өз бетімен жете алмаған, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды облысында балықшылар құтқарылды

Фото: ТЖМ

Оқиға Осакаров ауданындағы Молодежный кентінен 17 шақырым жерде, Сәтбаев каналының 10-шы су торабында болған.

Қатты желдің салдарынан қайықтағы екі балықшы жағалаудан 500 метрге ұзап кеткен. 

Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінген. 

«Құтқарушылар шақырту орнына жетіп, балықшылармен бірге қайықты жағаға аман-есен жеткізді. Ешкім зардап шеккен жоқ», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 

Министрлік, тұрғындарды желді ауа райы кезінде су қоймаларына шықпауды және қайыққа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керектігін ескертеді.