Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024

Қазақстан құрамасы ордо сайысында Чехиядан басым түсті

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордоның топтық кезеңіндегі кездесулер жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы ордо сайысында Чехиядан басым түсті

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасы Б тобындағы алғашқы ойынын Чехия спортшыларына қарсы өткізді. Бұл кездесуде еліміздің асықшылары қарсыластарын 64+хан:4 есебімен ойсырата жеңді.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы келесі кезеңде моңғолиялық асықшылармен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, егер Қазақстан Монғолияны жеңсе, 13 қыркүйек күні «Алау» мұз айдыны кешенінде өтетін финалдық бәсекеде бақ сынайды.