28 Сәуір, 2015

Негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабидің Мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Әбу-Дабидің Мұрагер ханзадасы Елбасын президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады және Қазақстанды ілгерілету мен өркендетуге бағытталған ауқымды реформалардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Әңгіме барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту шараларын талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар жөнінде пікір алмасты.
Соңғы жаңалықтар