«Таза Қазақстан» • 12 Қыркүйек, 2024

Қызылорда облысында ауыл тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арал ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қамбаш көлінің жағалауын тазалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында ауыл тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты

фото: Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы

Көл жағасын қоқыстан тазартуға мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, белсенді жастар, ауыл тұрғындары атсалысты. Олар тұрмыстық қоқыстарды жинап, жағалауды қураған бұтақтар мен арам шөптерден тазартты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 5 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

т

Ауыл тұрғыны Жомарт Бекетов аталған акцияға ауыл тұрғындарының жұдырықтай жұмылып, белсене қатысып жүргенін айтады.

«Өзінің тұратын жерін таза ұстау әр адамның борышы деп білетін аудан тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясынан сырт қалмай, барлығы қолдарынан келгенше үлестерін қосып жатыр. Әркім тек өз үйінің ауласын тазалап қоймай қоғамдық орындарды да бірлесе тазалауда. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын деп ағаш көшеттерін отырғызуда», деді Ж.Бекетов.

Аудандағы тазалық жұмысына 26 техника жұмылдырылып, 1630 тонна қоқыс шығарылған, 4000 ға жуық ағаш отырғызылған.

Сонымен қатар Қармақшы ауданында да тазалық акциясы өткізілді. Экологиялық шараға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып кіріскен халық «Қорқыт ата» ескерткішінің айналасын тазалады.

Аудандық мәслихаттың, Ардагерлер кеңесінің, Қоғамдық кеңес және Әйелдер кеңесінің төрағалары аудан тұрғындарын табиғатты аялауға шақырды.

к

Шара соңы V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын қолдауға арналған мерекелік сазды шараға ұласып, республикалық акцияға атсалысқан белсенділер марапатталды.