Саясат • 12 Қыркүйек, 2024

Жолдау және жастар мәселесі талқыланды

39 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, өңірдегі қалалар мен аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелеріне қатысты аймақтық кеңес өткізді.

Жолдау және жастар мәселесі талқыланды

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдары, ішкі саясат бағы­тындағы жұмыс барысы, этносара­лық және конфессияаралық келісімді нығай­ту, ономастика, ақпарат саласы және жастар саясаты мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші облыстағы бірқатар мектептің директорларымен кездесіп, «Біртұтас тәрбие» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мәселесіне қатысты пікір алмасты.

Сондай-ақ Е.Қарин Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді. Кеңес мүшелері қазіргі ең өзекті тақырыптың бірі жастарды жұмыспен қамту және жұ­мыс­шы мамандықтардың мәртебесін көтеру мә­селесін талқылады. Бұл басқосу аймақ­тағы ең ірі өндіріс орталығы саналатын «Allur» зауытының алаңында өтті. Оған осы кә­сіп­орынның жас мамандары қатысты.

Е.Қарин Кеңестің жастар саясаты­ның өзекті мәселелерін шешуге баста­машы болып, Президенттің жастарға қатысты реформаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар ол автомобиль көлігі колледжінің студенттерімен кездесті.

– Президенттің 2025 жылды «Жұмыс­шы мамандықтар жылы» деп жариялауы мемлекеттің кәсіптік білім беру ісін одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіреді, – деді Е.Қарин.

Бұған қоса Мемлекеттік кеңесші Жолдауды тиімді жүзеге асырудың және Атом электр стансасын салу мәселесіне қатыс­ты алдағы референдумның маңыз­дылығы туралы айтты.

Е.Қарин өткізген кездесулердің қоры­тындысы бойынша құзырлы ор­гандарға ішкі саясат саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.