Инвестиция • 12 Қыркүйек, 2024

Игі инвестиция

27 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Араб үйлестіру тобы еліміздегі жобаларға 7 млрд доллар қаржы құймақ. Бұл туралы Астанада өткен Ислам даму банкі, Сауд Арабиясының даму қоры, ОПЕК халықаралық даму қоры, Кувейт экономикалық даму қоры және Абу-Даби даму қоры сынды институттарды біріктіретін Араб үйлестіру тобының отырысында мәлім болды.

Игі инвестиция

Сурет: gov.kz

Кездесудің басты мақсаты – еліміздегі басымдыққа ие инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржы­ландыру.

Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Ислам даму банкі тобының президенті Мұхаммед Сүлейман Әл-Джассер, Араб инвестициялық қорлары мен еліміздің мемлекеттік органдары әрі квазимемлекеттік компания басшылары қатысты.

Кеңесті қорытындылай келе тараптар ОПЕК қорымен жеке сектордағы операциялар туралы негіздемелік мәмілеге келді. Келісім бойынша ел экономикасына ұзақмерзімді тікелей инвестиция құйылады. Бастапқы кезеңде ол 7 млрд долларды құрауы мүмкін.

Болашақта қаржыландыру көлемін ұлғайту да жоспарланды. Делегация өкілдері еліміздің әлеуметтік-эконо­микалық және инфрақұрылымдық даму жөніндегі күш-жігеріне жоғары баға берді. Нұрлан Байбазаров келген қонақ­тарға еліміздің инвестициялық мүмкіндігіне қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдірді.