Қоғам • 13 Қыркүйек, 2024

«Менің атым Қожа» фильміне түскен актриса көз жұмды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Менің атым Қожа» фильмінде Жанар есімді кейіпкерді сомдаған танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Менің атым Қожа» фильміне түскен актриса көз жұмды

Фото: teatr.musrepov

Қайғылы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры хабарлады.

«ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», делінген хабарламада.
 

Күләш Қажығалиева 1942 жылы Алматы облысы Үйгентас ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.

1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған актриса Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Жанар, «Қызыл сұңқарлар» - Маруар, Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» - Қамқа шеше, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» - Кемпір, «Ақ кеме» - Кемпір, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» - Ғани, Ә.Тарази «Жақсы кісі» - Балзия, О.Бөкей «Атау-Кере» - Марфа, «Ауылдан келген ару» - Сәндігүл, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» - Әже, А.П.Чехов «Шағала» - Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сомдаған.