Саясат • 14 Қыркүйек, 2024

Халықаралық мәдени форумға қатысты

187 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен Қазақстан делегациясы Санкт-Петербургте оныншы Халықаралық мәдени форумға қатысып жатыр. Бұл іс-шара 80 елдің өкілін жинап, мемлекеттер ара­сындағы ынтымақтастық пен мәдени мұраны сақтау және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылау алаңына айналды.

Халықаралық мәдени форумға қатысты

Аида Балаева өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды сақтауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

«Дәстүрлі және отбасылық құндылықтар – қуатты қоғамның негізі, ал оны нығайтатын – үздіксіз дамып жатқан мәдениет саласы. Мәдениет жас ұрпақты өнер әлеміне баулып, әдемілікті түсінуді қалыптастыруға, эмпатия мен гуманизмге ашық болуға әсер етеді. Ол адамды сан алуан ойға жетелеп, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезінуге міндеттейді», деді министр.

Сондай-ақ Аида Балаева театр, концерттік іс-шаралар, музей ісі мен креативті индус­трияны қамтитын үшжылдық мәдени ынтымақтастық жос­парын әзірлеуді ұсынды. Бұл жоспардың басым бағыттары­ның бірі – дәстүрлі және от­ба­сы­лық құндылықтарды насихаттау. Осы бағытта алғашқы қадам ретінде дәстүрлі және от­басы­лық құндылықтарға ар­налған көркем фильмнің үз­дік сценарийіне халықаралық конкурс ұйымдастыру, экология мен қоғамдық мәдениет тақырыбында халықаралық суретшілер фестивалін өткізу ұсынылды.

Форумның панельдік сессия­ларында Қазақстан мәдениет қайраткерлері – Astana Ballet театры директорының орынбасары Валерий Кузембаев пен Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Айбек Сыдықов та сөз сөйледі. Олар ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ой-пікірімен бөлісіп, халықаралық мәдени жобалардағы ел тәжірибесін таныстырды.

Сонымен қатар X Петербург халықара­лық мәдени форум аясында Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен РФ Мәдениет министрі Ольга Любимова мәдени ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. 

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00