Видеодан алынған кадр
Алматы облысындағы тас жолдың бірінде Қонаев терминалының маңында адам өліміне әкелген жол апаты болды.
Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен ақылы терминалдың бетон қоршауына соғылған, одан ұшып, алдында тұрған Hyundai Sonata көлігімен соқтығысқан. Chevrolet жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
- Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, болжам бойынша Chevrolet көлігін басқарған ер адам тізгінге ие бола алмай қалған, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасып жатыр.