Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024

Маңғыстау облысында жаппай уланған оқушылар үйлеріне жіберілді

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тамақтан уланып қалған оқушылардың жай-күйі туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында жаппай уланған оқушылар үйлеріне жіберілді

Фото: ҚР ДСМ

«Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды, үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды», деп хабарлады ДСМ-нің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 466 оқушысы түрлі шағымдармен медициналық мекемелерге жүгінген. Оның 98-і ауруханаға жатқызылып, екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделген.