15 Маусым, 2015

Отандасымыз Надежда Ногай – ауыр атлетикадан әлем чемпионы!

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-06-2015-nogai 01АСТАНА. 15 маусым. Польшаның Вроцлав қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Надежда Ногай чемпион атанды. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. +75 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Надежда жұлқа көтеруде 125 кило зілтемірді бағындырды. Ал серпе көтеруде отандасымыз 150 кило тартатын штанганы ырқына көндірді. Нәтижесінде ол қос жаттығу қорытындысы бойынша 275 киломен жеңімпаз атанды. Екінші орын алған Тайланд елінің атлеті Дуанганксорн Чаиди 259 киломен шектелсе (113+146), қола жүлдегер атанған Тунис спортшысы Йосра Дибтің көрсеткіші – 251 кг. (111+140). Надежда Ногайдың жеңісі туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Алексей Ни: «Біз Надяның күш-қуатына сенгендіктен, одан көп нәрсе талап еттік. Қарсыласынан 16 кг.-ға озып кету ол үшін түк емес. Надежданың мүмкіндігі бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге жетеді», – деді. Еламан Қоңыр. Дерек: Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі. Сурет. sports.kz.