Қаржы • 17 Қыркүйек, 2024

Тауар биржалары мәселесі қаралады

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов­тың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы оты­­рыс­тың күн тәртібі нақтыланды.

Тауар биржалары мәселесі қаралады

Сурет: ru.freepik.com / drobotdean

Мәжілістің қарауына тауар биржалары мәселелері бойынша заңнама­лық өзгерістер бірінші оқылымда енгізіл­ді. Тиісті заң жобасы Президенттің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақ­станның экономикалық бағ­дары» атты Жолдауын іске асыру аясын­да Мәжі­ліс депутаттарының бастама­сы­­­мен әзір­ленген. Заң жобасында бир­­жа­лар­ға қойылатын реттеуші­лік та­лап­­тар­ды қатаңдату, мемлекет­тік бақы­­лау­ды күшейту, сондай-ақ отан­дық өн­діру­шілердің ашық сауда құрал­дары­на қол жеткізуін қамтамасыз ету ұсынылады.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасын­­дағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақ­тастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді.

Бұған қоса депутаттар «Пошта туралы» заңға енгізілетін өзгерістерді жұмысқа алады.

Бюро отырысында Мәжілістің VIII шақырылымдағы Қоғамдық палата құрамына жаңа мүшелерді қосу мәселесі де қаралды және депутаттардың сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге сапарға шығуы туралы ақпарат тыңдалды.