Қоғам • 17 Қыркүйек, 2024

Инклюзия саласында 100 сарапшы даярланады

67 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада мүгедектігі бар адамдарға арналған алғашқы оқу-әдістемелік ресурс орталығының тұсауы кесілді. «Еуразиялық инклюзия орталығы» мекемесі қалалық ортадағы әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы мен қызметтерді, туристік бағдарларды ерекше адамдарға қолжетімді етуді мақсат етіп отыр.

Инклюзия саласында 100 сарапшы даярланады

Жобаны серіктес тараптармен бірлесе отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірың­ғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржы­ландырды. Астанада бастау алған игілікті іс бүкіл елге таралып, бірыңғай үйлестіру орталығы саладағы түйткілді мәселелерді шешуге септігін тигізбек. Осылайша, тұрғындарға қызмет көрсететін ұйымдар мен әкімдіктердің жұмыс тиімділігін бағалап, бекітетін әдістер мен құралдар ен­гізіледі. Тиісті шаралар аясында құзырлы органдармен оқу бағдарламалары ке­лі­сіліп жатыр. Болашақта ны­сандардың қолжетімділігін бағалауға өкілетті сарапшылар мен тексерістен өткен нысан-қызметтер тізілімі (реестр) түзілмек.

ва

«Бұл тырнақалды қадамның маңызы бар деп ойлаймын. Себебі қоларбада отыратын азаматтарға жасалған жағдай барысында көзі көрмейтін, құлағы нашар еститін жан­дардың құқығы ескерілмеуі мүмкін. Сонымен қатар инклюзия пандус орнату ғана емес, қоғам қарым-қатынасының өзгеруі деп түсінген жөн. Ал ресурс орталығында мүгедектігі бар адамдар қатарынан арнайы сарапшылар даярланып, оларды толыққанды табыс­пен қамтуға да мүмкіндік туындамақ. Мұның бәрі Қор басшылығының инклюзияны, тең қоғамды дамытудағы кешенді көзқарасының нәтижесі болады деп үміттенеміз», деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Осы орайда қайырым­дылық операторы жобаны жүзеге асыру жауапкершілігін мойнына алған «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» ЗТБ сынды үкіметтік емес ұйымдармен жемісті ынтымақтастық ор­натқан. Нәтижесінде, ке­лесі 2025 жылдың сәуір айы­на дейін қажет кезде дереу кәсіби көмек көрсететін 100 сарапшы-нұсқаушы даяр­ланып, сәйкесінше бас­тапқы сәтте 100 нысанды қолжетімділікке бағалау іс-қимылымен қамту жоспарланады. Бұған дейін, мамыр айында өткен семинарларда халықаралық стандарттар таныстырылып, мүгедектігі бар адамдармен тілдесу әдебі, қа­лалық орта мен мекемелердің қолжетімділігі, ұжымдық психо­логия сияқты бағыттарда ми­нистрліктер, Астана қаласы мен аудандарының әкімдіктері қызметкерлері, депутаттар мен қоғамдық ұйымдар өкіл­дері, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қыз­­мет­керлері оқытылды.

Еске сала кетсек, Қор биылғы жаңа оқу жылында Астананың 5 мек­­­те­бінде өзіндік үлгідегі инклюзияны қолдау кабинеттерін ашып, ерекше білім беруді қажет ететін 150-ден астам бала басқа қатарластарымен бірге оқи алатын болды.

Жалпы, «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеу­меттік жауап­­кершілік аясында ерекше қажет­ті­ліктері бар адамдарды кешенді түрде қолдап келеді. Оған дәлел, еліміз өңір­лерінде 42 оңалту орталығы, 10 спорт кешені іске қосылды. 23 қала мен елді мекенде 1000-нан астам бала қатысатын бейімделген спорт секциялары жұмыс істеп тұр. Мүгедектігі бар жас­тар цифрлық кә­сіптерге оқытылып жатыр. Осы­лай­ша, адамдарға туға­нынан бастап жәрдем жасалып, олар­дың қоғамға әлеу­меттенуіне барлық жағынан ықпал етіледі.

 

Алдаберген КЕМПІРБАЙ 

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00