Банк • 17 Қыркүйек, 2024

Банктер бизнеске сенуі керек

72 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент халыққа Жолдауында алдымызда тұрған стра­те­гия­лық міндеттерді айқындап, бағыт-бағдарымызды көрсетіп берді. Құжаттың динамикасы жоғары, мазмұны терең болды. Әсіресе халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын көтеруді нұсқап, қадау-қадау мәселелерді шешуді тапсырды.

Банктер бизнеске сенуі керек

Сурет: ru.freepik.com / snowing

Елдің бәсекеге қабілеттелігін шыңдауда шағын және орта кәсіпкерлік, отбасылық бизнесті ілгерілетудің маңызы зор. Озық елдердің тәжірибесінен бизнесті дамыту арқылы кез келген эко­но­микалық дағдарысты оңай ең­серетінін көруге болады.

Үкіметтің алдындағы негізгі міндеттің бірі – шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 2030 жылға қарай екі есе өсіру. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Қазір бизнеспен айналысуға ынталы азаматтарды қолдайтын мемлекеттік бағдармалар аз емес. Алайда қолдау шараларын әлі де жүйелеп, қайтарымсыз қаржыларды игерудің тиімділігін арттырып, кредиттеуде жеңіл­діктер қарастыруды, бастысы, отандық тауар өндірушілерді қор­ғауымыз керек. Президент Жолдауда айтқандай, мұндай бас­тамаларда екінші деңгейлі банк­тер де ынталы болып, бизнесті қолдауда белсенділік танытуға тиіс.

Президент «Банктер туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізетін кез келгенін айтты. Расында, әлемнің озық елдерінің банк саласын дамытуға арналған заңдарын зерттеп, зерделеп, заманауи мақсат-мін­дет­терге жауап беретін заң­дар­ды жетілдіре түсу – уақыт талабы. Бұл заңдар нормасында Ұлттық банктен бастап екінші деңгейлі банктер атқаратын негізгі функциялары талданып, бизнесті қол­дау деңгейі жан-жақты қам­тылуы керек.

Озық елдерде орталық банк­тер­дің акционерлеріне бай­ланысты міндетін өздері ай­қын­дайды. Мәселен, Ұлыбри­тания, Германия, Франция, Ресей, Дания және Нидерландта банк капиталының 100 пайызы мемлекетке тиесілі. Сондықтан бұл елдердегі орталық банктер Үкімет қойған талапты орындауды басымдық етеді. Федералдық резервтік банкі АҚШ-тағы банк жүйесінде бірқатар қадағалау және реттеуші міндетін атқарады. Жапонияда Орталық банктің 55 пайызы – мемлекет меншігінде және 45 пайызы – жекеменшік иелігінде. Швейцарияда 57 па­йызы мемлекетке және 43 пайызға жеке тұлғаларға тиесілі.

«Банктер туралы» заңға өзге­­ріс пен толықтырулар ен­гіз­­генде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур се­кіл­ді Азия алпауыттарының банк сала­сын­да­ғы тәжірибесін терең талдап, өзі­міздің заңдарға енгізгеніміз жөн. Бүгінде әлемдік эко­но­микалық тұрақтылық Еуро­падан Азияға қарай кезең-кезеңімен ойы­са бастағанын ескеріп, Шығыс Азия елдерінің эконо­микалық моделін қарауы­мыз маңызды. Бұл елдердің шағын және орта бизнес саласындағы азаматтарды ынталан­дырып, жұ­мысын ілгерілетуге банктер қалай, қандай көмек көрсеткенін қарауымыз тиіс.

Біріншіден, экономиканы ырықтандыру туралы қаулы аясында біз банктер үшін әмбебап және базалық лицензияны ен­гізуді қарастыруымыз керек. Екін­шіден, ірі және орта банк­тер үшін әмбебап лицензия, ал реттеу талаптары төмендетілген шағын банктер үшін базалық лицензия беру мүмкіндігін енгізу керек. Үшіншіден, халықаралық тәжірибе микробизнесті, сондай-ақ шағын және орта бизнесті кредиттеуде төмен пайызбен беруді қарастыру керек.

Қысқасы, банктердің бизнес­ке қолдау жасау жұмысын жандандыруы маңызды. Сонда елдің әлеуметтік әлеуеті өсіп, бәсекеге қабілеттілігі артады.

 

Жарқынбек Амантайұлы,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00