Фото: qazaqormany
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
«Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін алабарыс анықталды. Бұл түр Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) критерийлері бойынша жойылып кету қаупі бар деп танылған. Сондай-ақ ол 2021 жылдың сәуірінде ҚР Сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер тізіміне, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген», деп хабарлады ведомство өкілдері.