Фото Dalanews
Биыл Жетісуда 13,7 мың гектарға қант қызылшасы егілген. 615 мың тонна тәтті түбірден 67 мың тонна қызылша қанты және 30 мың тонна құрғақ қант өндіріледі деп жоспарланып отыр.
«Жетісу облысы бойынша қызылша өсіретін 597 шаруа қожалығының 193-і Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында орналасқан. Осы үш ауданнан жеткізілетін өнімнен Ақсу қант зауыты 40 мың тонна қант өндіреді. Ал, қызылшаны негізінен Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласынан алдыратын Көксу қант зауытының жоспары 57 мың тонна», делінген хабарламада.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының айтуынша қызылшаны сатып алу бағасы мемлекеттен 25 мың теңге, қант зауытынан 15 мың теңге, яғни тоннасына 40 мың теңге төленеді.