Оқиға • 17 Қыркүйек, 2024

Жетім балаларды құлдықта ұстаған әйел сотталды

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында үш жетім балаға мал бақтырып, ұрып-соққан әйел 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлытау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жетім балаларды құлдықта ұстаған әйел сотталды

фото: stan.kz

Сотталушы Садықова 2018 жылы балалар үйінен 3 жетім баланы асырап алады. Оларды шаруа қожалығына әкеліп, мал бақтырады. Балалардың жұмысы көңілінен шықпаған кезде оларды ұрып жазалаған.

«Садықова патронаттық келісімнің міндеттерін біле тұра заң талабын орындамай, балаларды ауыр үй жұмысымен айналысуға, сонымен қатар Жезқазған аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген», делінген прокуратураның хабарламасында.

Сот үкімімен кәмелетке толмағандарды азаптағаны және қорғаншы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған әйел 4 жылға сотталды.