Мәдениет • 17 Қыркүйек, 2024

Алматыда «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесі ашылды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейімен бірлесіп «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесін ашты,деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда  «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесі ашылды

фото ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Музейлер тарихи және мәдени ескерткіштерімізді сақтау мен зерттеуде басты рөл атқарады. ҚР Орталық музейі еліміздің жетекші мекемесі ретінде еліміздің ғана емес, дүниежүзілік тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтауға, зерттеуге және насихаттауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.

Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің директоры Амир Пирич мырза көрменің ашылуында қала қонақтары мен тұрғындарын суасты мәдени құндылықтарын көрсететін бірегей көрмені тамашалауға шақырды.

«Біз музейге келушілердің, әсіресе жастардың назарын жалпы мәдени мұраны қорғау мәселелеріне аударғымыз келеді. Мәдени мұраны бірлесіп зерделеу және қорғау – бұл біздің адамдар санасында бейбітшілік орнату жолындағы қадамымыз», деді А.Пирич.