Аймақтар • Бүгін, 08:10

Заманауи спорт алаңы ашылды

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Қонаев қаласында жаңа «Кроссфит» спорт алаңы ашылып, тұр­ғын­дарды, әсіресе ба­ла­лар­ды зор қуанышқа ке­нелт­ті.

Заманауи спорт алаңы ашылды

«Қалада спортқа қызығу­шылар саны жыл санап артып келеді. Бұл өте қуантарлық жағ­дай. Бұқаралық спортты дамыту үшін жылына жүздеген шаралар ұйымдастырылуда. Түрлі деңгейде чемпион атанып жүрген спортшыларымыз да көптеп саналады. Бүгінгі жаңа нысан ел игілігіне жарайды деген сенімдеміз», деді шараның ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Асхат Бер­діханов.

Аталған нысанда армрестлинг, үстел теннисі, стритбол, баскетбол, бокспен айна­лы­суға болады. Жаттығуға арналған түрлі жабдықтар орнатылған. Балалар үшін му­зыкалық құ­ралдар қойылған. Жасыл аймағы да бар. Жалпы аумағы 1,4 гектарды құрайды. Қауіпсіздікті сақ­тау мақсатында бірнеше бей­небақылау камералары орнатылған. Тапсырыс беруші – қалалық ТҮКШ бөлімі. Он ай­дың ішінде құрылысы то­лық аяқталып, пайдалануға берілген «Кроссфит» алаңында тұр­ғындар спортпен тегін айналысады. Олар да ерекше алаңның ашылғанына дән риза.

«Кешке балаларымызбен қыдыруға, демалуға болатын ке­ремет алаң екен. Үлкендер спортпен шұғылданып жатқанда балалардың жүгіріп, ойнауына бар жағдай жасалған. Қаламызда әдемі, көрікті ғимараттар мен алаңдар көптеп салынса деген арманымыз бар», дейді қала тұр­ғыны Мақпал Мирас.

Спорт алаңының ашылу салтанатына орай стритбол, соккербол, кросфиттен жарыс өтті. Оған 130-ға жуық спортшы қатысып, ойын жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Уәдеде тұрған Үкімет

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Тарих және шындық

Пікір • Бүгін, 09:17

ОРК дайындықты пысықтады

Референдум • Бүгін, 09:05

Жеңілдіктен қағылады

Пікір • Бүгін, 09:02

Классикалық киім шебері

Өндіріс • Бүгін, 08:45

Жер конкурсы онлайн жүреді

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Бірыңғай QR-код төлем жүйесі

Қоғам • Бүгін, 08:33

Шабындыққа шалғы түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:28

Ғылыми әлеуетті арттыру қадамы

Университет • Бүгін, 08:22

Көкпар – рух көрінісі

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Студенттер үйінің қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 08:18

Заманауи спорт алаңы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Шын мықтыны шыңдайтын шаһар

Шымкент • Бүгін, 08:07

Құрметке лайық азамат

Тұлға • Бүгін, 08:02