Моджтаб Амани. Фото: mehrnews.com
Басылымның хабарлауынша, Иранның Ливандағы елшісі Моджтаба Аманидің бір көзі көрмей қалған, екінші көзіне де қатты зақым келген. Ол емделу үшін Тегеран (Иран астанасы) қаласына жіберілмек.
Еске салайық, 17 қыркүйекте Ливанда пейджерлер жаппай жарылды.
Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің IRNA-ға сілтеме жасаған мәліметінше жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жеткен, оның ішінде 10 жасар қыз бар. Ал зардап шеккендер саны 4000-нан асып кеткен, олардың 400-ден астамының жағдайы ауыр.