Алматы • 19 Қыркүйек, 2024

Халық штабының Алматы жұртшылығымен кездесуі

91 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабының мүшелері Алматы қаласында ғалымдармен, ЖОО оқытушыларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті. Штаб құрамында депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері бар. Кездесулерде АЭС салуға қатысты референдум аясындағы мәселелер талқыланды.

Халық штабының Алматы жұртшылығымен кездесуі

Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энер­гетика және байланыс уни­верситетінің жас ғалымдарымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесуде сарапшылар мен штаб мүшелері ғылымның мүмкіндіктерін арттыру және өндіріске инновацияларды кеңінен енгізу үшін тиімді жағдай жасаудың негізгі мәніне назар аударды. Сондай-ақ елімізде көміртегі қалдықтарын азайту бағытындағы жұмысты одан әрі жандандырудың маңызды екені сөз болды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазан­да елімізде АЭС салу мә­селесіне қатысты республикалық референдум өтеді. Осыған байланысты Халық штабы референ­думның міндеттерін және осы салада туындайтын басқа да мәселелердің маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде еліміз көмірқышқыл газының жан басына шаққандағы шығарындылары бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірін алады. Еуропалық Одақ елдерінде 2026 жылдан бастап көміртегі салығы енгізіледі. Басқа елдерден тауарлар импорттаған кезде көмірқышқыл газының шығарындылары үшін қосымша елеулі алымдар алынады. Бұл біздің экспорттаушылар үшін қиындықтар туғызатыны анық. Сондықтан экономикамызда көміртегі қалдығын азайтып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіміз керек», деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ штаб мүшелері Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның өкілдерімен кездесті. Сенат төрағасы 6 қазанда өтетін жалпы­ұлттық референдум елдің дамуы жолында айрықша маңызға ие екеніне баса мән берді.