Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024

Керек дерек

37 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кәмелетке толмаған балалардың, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген азаматтардың заңды өкілдері енді «eGov.kz» порталы арқылы олардың мүлкі және мүлікке тіркелген құқықтары туралы анықтамаларды ала алады. Бұл қызмет жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді алу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді.

Керек дерек

Сурет: gov.kz

Мемлекеттік қызмет енді үшінші тұлғаларға, яғни 18 жас­қа толмаған баланың қам­қор­­ш­ы­ларына және әрекетке қабі­летсіз немесе әрекет қабілеті шек­телген кәмелетке толған аза­маттардың заңды өкілдеріне қол­жетімді болды. 6-нысандағы анық­тама өтініш берушінің атында мүліктің бар немесе жоқ екенін растайды, ал 2-нысандағы анықтама мүлікке меншік құқы­ғы және оған салынған шектеулер, мысалы, қамау немесе кепіл туралы ақпаратты қам­тиды. Бұл мәліметтер жылжымай­тын мүлікпен жасалатын мәмі­ле­лер, несие алу, тұрғын үй бағ­дар­ла­ма­ларына қатысу және басқа да құ­қық­тық және әкімшілік рәсім­дер үшін қажет.

Анықтамаларды алу үшін заңды өкілдерге ең әуелі «eGov.kz» порталында авторизация­дан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» бөлімдеріне өту қажет. Содан соң «Ф-6 анықтамасы (мүліктің бар екені туралы)» немесе «Ф-2 анықтамасы (мүлік­ке шектеулердің, кепіл­дің, қамаудың жоқтығы туралы)» қызметті таңдап, «Балаға (18 жасқа дейінгі, оның ішінде қам­қор­лықтағы және қорған­шы­лық­тағы балаға)» немесе «Заңды өкіл (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектел­ген кәмелетке толған азамат­тарға)» нұсқасын таңдау керек. Қыз­мет­тің нәти­жесімен пайдаланушы жеке каби­нет арқылы таныса алады.

Айта кетейік, бұл қызметті Оқу-ағарту министрлігі, сон­дай-ақ Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі Цифр­лық даму, инновация­­лар және аэроғарыш өнер­­­кәсібі министр­лі­гімен бірлесіп әзір­леді.