Кешегі өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Президент сайлауының алдын-ала қорытындыларын жариялады. Ол бойынша Қазақстан халқының 95,22 пайызы сайлауға келіп, дауыс берген.
Мемлекет басшысын сайлауға электораттың өте белсенді түрде қатысқанын Қ.Тұрғанқұлов айрықша атап өтті. «Егемен Қазақстан тарихында бірінші рет сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымын, электораттық белсенділігін және елдің болашағы үшін саяси жауапкершілігін айқын көрсетті. Осыған, сондай-ақ, сайлау науқанын ұйымдастыру деңгейінің артқанына бірінші кезекте байқаушылар мен сарапшылар өздерінің түсініктемелерінде көңіл аударды», деді төраға.
Мұнымен қатар ол облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан келіп түскен жедел деректер негізінде сайлаудың алдын-ала қорытындыларының анықталғанын да жеткізді. Ондағы ақпаратқа зер салсақ, Орталық сайлау комиссиясына сол уақытқа дейін келіп түскен сайлаушылар дауысы келесідей болыпты. Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа сайлаушылардың – 0,7 пайызы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа – 97,7 пайызы, Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовқа 1,6 пайызы дауыс беріпті.
Осындай жағымды жаңалықты жариялаған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, әлі де аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының келіп түсуіне қарай бұл деректер алдағы уақытта тағы да нақтыланатынын тәптіштеді. Бұған заң бойынша екі күндік мерзім беріледі екен. «Сайлау туралы» Заңға сәйкес 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың соңғы нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы сайлаудан кейін жеті күн мерзімнен, яғни 2015 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей жариялауы тиіс», деді Қ.Тұрғанқұлов.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше