Әлем • 20 Қыркүйек, 2024

Екі сағат питон тұншықтырған әйел ауруханаға жеткізілді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бангкок (Таиланд) қаласында полиция 64 жастағы әйелді құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Екі сағат питон тұншықтырған әйел ауруханаға жеткізілді

Фото: Pixabay.com

CNN мәліметінше, әйел үйінде ыдыс жуып отырған кезде аяғын әлдене шаққандай болған. Артына қарағанда, жыланды көрген.

Питон оны орап алып, жерге құлатқан, екі сағат бойы өзін тұншықтырған питонмен арпалысқан әйелдің жанұшырған дауысын естіген көршісі тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.

Полиция оны 30 минутта құтқарып, ауруханаға апарған.