Қоғам • 21 Қыркүйек, 2024

Атырауда 40 жастағы әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған. Баланың тоқтамай жылаған дауысын естіп, көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар полицияға хабар берген, деп хабарлайды Egemen.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

Атырауда 40 жастағы әйел ішімдікке салынып, сәбиін қараусыз қалдырған

astanatv.kz

Сөйтсе, ішімдікке сылқия тойған анасының 3 жасар бөбегіне қарауға шамасы келмеген. Полицейлер 40 жастағы жалғызбасты әйелдің бұған дейін де ерсі әрекетін байқаған. Сондықтан дереу бүлдіршінді балалар үйіне орналастырып, анасын айықтырғышқа салды.

«Жүйелі түрде алкогольдік ішімдік ішкен күйінде бала тәрбиесімен айналыспаған ата-аналарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекісінің 127-бабында әкімшілік жаңапкершілік көзделген. Жыл басынан 10 шақты ата-анаға қатысты әкімшілік жазалар қолданылған болатын», деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Айнұр Махметова.