Спорт • 22 Қыркүйек, 2024

Қазақстан файтері Ресей спортшысы Нурмагомедовті нокаутқа түсірді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев Alash Pride FC турнирінде жеңіл салмақта уақытша чемпиондық титулды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан файтері Ресей спортшысы Нурмагомедовті нокаутқа түсірді

Видеодан алынған кадр

Ол жекпе-жекте бұрын жеңілмеген ресейлік Муслим Нурмагомедовты нокаутқа жіберді. Исбулаев жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.

Бұл жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын, алайда 27 жастағы Саламат кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, өзінің ММА мансабындағы алтыншы жеңісіне жетті.

Исбулаев барлық жеңістерін мерзімінен бұрын аяқтаған: үш рет нокаутпен және үш рет қарсыластарын берілуге мәжбүрлеген.