Әлем • 23 Қыркүйек, 2024

Пәкістанда 12 елдің елшісі отырған көлік жарылды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның Хайбер-Путунхва провинциясында Сват қаласына туризм мәселелері бойынша конференцияға бара жатқан елшілер мінген кортеж коллоннасы минаға тап болып, жарылған, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пәкістанда 12 елдің елшісі отырған көлік жарылды

фото News 24

Көлікте Ресей, Португалия, Эфиопия, Индонезия, Тәжікстан, Иран секілді елдермен қатар Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ержан Қыстафин де болған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше елшілер аман-есен ел астанасы Исламабадқа оралған.

Жарылыс салдарынан бір полицей қаза тауып, үшеуі жарақат алған.