26 сәуірде Қазақстан Республикасының Венадағы елшілігінде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу үшін №190 сайлау учаскесі ашылды. Сайлауға Австрияда тұрғылықты тұратын және консулдық есепке тіркелген, сондай-ақ, осында уақытша келген Қазақстан азаматтары қатысты.
Елшілік ғимаратында азаматтардың еркін дауыс беруіне барлық жағдай жасалды. ҚР ОСК нұсқаулығына сәйкес, кандидаттар туралы ақпараттық стендтер, жәшіктер мен дауыс беру кабиналары орнатылды.
Елшілік қызметкерлерінің күшімен өз конституциялық құқығын Вена қаласына келіп орындай алмаған отандастарға тиісті стандарттар мен ережелер шеңберінде жылжымалы жәшік арқылы Грац қаласында дауыс беру ұйымдастырылды.
Сайлауға Австрияда тұрғылықты және уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, бизнес және студенттік қауымдастықтың өкілдері қатысты.
* * *
26 сәуірде Қазақстан Республикасының Араб Мысыр Республикасында ашылған №201 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының президенттік сайлауы өтті.
Қазақстан азаматтары, әсіресе, студенттер мысырлық жоғары оқу орындарында өтіп жатқан емтихандарға қарамастан, сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борыштарын орындауға асықты.
Жексенбі жұмыс күні болғанымен, сайлауға Мысырда тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан барлық азаматтарымыз қатысты. Сайлау үдерісі еш заң бұзушылықсыз қалыпты жағдайда өтті.
Каир қаласына келе алмаған азаматтар үшін Александрия қаласына көшпелі комиссия ұйымдастырылды. Ал №201 сайлау учаскесінің жұмысы Каир уақытымен сағат 20:00-де аяқталды, сайлау нәтижелері Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.
* * *
Астанада таң ата бастағанда Варшавадағы Қазақстан елшілігінде Қазақстан Президентін сайлау аяқталды. Польшадағы қазақстандық азаматтар сайлауға белсенді қатысты.
Елдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық жастардың отаншылдығын атап өткен жөн. Қазақстан елшілігі жанында құрылған сайлау учаскесіне тек Варшавадан ғана емес, Лодзь, Познань және Люблин секілді басқа қалалардан да студенттер келіп сайлауға қатысты. Қазақстанның Польшадағы елшісі Е.Өтембаев елшілікте қазақстандық жастармен кездесті.
Польшада өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, нәтижесінде 2016 жылы Мәскеу мен Санкт-Петербургте өтетін жоғары дивизион ойындарына қатысатын Қазақстан хоккей құрама командасының мүшелері де дауыс берді. Елші Е.Өтембаев Қазақстан хоккейшілерін жеңістерімен құттықтады және сайлауға белсенді қатысқандарын атап өтіп, спортшыларға халықаралық алаңдарда мол табыс тіледі.
* * *
26 сәуірде жергілікті сағат 07:00-ден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына орай Оңтүстік Америка аймағында тарихта алғаш рет Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы елшілігінің ғимаратында орналасқан №247 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
Бразилияда және басқа да Латын Америкасы мемлекеттерінде тұратын Қазақстан азаматтары Федералдық аймақ, Бразилиа қаласына кезектен тыс сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15