Референдум • 25 Қыркүйек, 2024

АЭС: Экологияны қорғауға басымдық беріледі

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Сергей Карплюк Қостанай облысындағы Қарабалық ауылына барып, аудандық аурухана ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

АЭС: Экологияны қорғауға басымдық беріледі

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың баспасөз қызметінің мәлім етуінше АЭС салу – аталған жүздесудің басты тақырыбы болды. Сергей Карплюк атом электр стансасын салу Қазақстанның энергетикалық секторының болашағы үшін серпінді қадам екенін атап өтті.

«Қазақстан өзін қауіпсіз, экологиялық таза және орнықты энергия көзімен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Атом электр стансасы бұдан былайғы даму үшін аса маңызды. Референдум - өз кезегінде Қазақстанның әрбір тұрғынына осынау стратегиялық маңызды мәселе бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі», деп атап өтті Сенат депутаты.

Сенатор сонымен қатар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, жобаны іске асыру барысында экологияны қорғауға басымдық беріледі.