Айбын • 26 Қыркүйек, 2024

«Күрең берет» – біліктілік сынағы

441 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланның Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің атыс алаңында «Күрең беретке» үміткерлердің біліктілік сынағы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері қатысты.

«Күрең берет» – біліктілік сынағы

Мұндай сынақ түрі жыл сайын еліміздің әр аймағында өткі­зі­леді. Негізгі мақсаты – экстремизм және лаңкестіктің жолын кесу, қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындайтын «Б» арнайы жасағы мүшелерінің дайындығын шыңдау. Жалпы жасақтар құрамында барлық талапқа сай келетін сардарлар мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер бар.

ап

Биылғы дәстүрлі додаға 300-ге жуық ниет білдірушінің арасынан іріктелген 80-нен аса үміткер қорытынды сынақ­қа қатысты. Олар алғашқы кезеңде теориялық тестілеуден өтіп, дене шы­нықтыру, биіктіктегі дайындық, арнайы құрылғылармен төмен түсу, байланыс және медициналық дайындық бо­йынша сынақ тапсырды. Осы тапсырмалардан төмен көрсеткіш көрсеткен қатысушылар екінші кезеңге өте алмады. Шешуші кезеңге небәрі 44 үміткер жіберілді.

Шешуші кезеңнің бірінші күні сынаққа қатысушылар таңғы сағат 5.00-де дабыл арқылы көтеріліп, ең алдымен 5 шақырымға жүгіру бойынша сынақ тапсырды. Одан соң ұзақ та күрделі жорыққа аттанды. Жолда олар қарсыластың шабуылын тойтару, жараланған қаруласының жарасын танып, қауіпсіз аймаққа сүйреп өту, өрт шыққан аймақтан тыныс алуға арналған бас киіммен жүгіру секілді тапсырмаларды орындады. Жолай әбден шаршаған жауынгерлер бауырымен жорғалап, жатқан күйі тасалануға арналған ор қазды және етігімен су кешті. Таң атпастан аяққа тұрған үміт­керлер желе жортқан күйі кешке дейін дамыл таппады.

о

Сынақ кезінде жауынгер­лерге физикалық және психо­ло­гиялық соққы жасалды. Олар соған қарамастан кезіккен қиын­дық­тарды жеңіп, мәреге жету үшін ерік-жігерін аяған жоқ. Осымен бір апта­дан бері арнайы жасақ жауынгерлері орындап жатқан тапсырмалар легі аяқталып, сынақтың қорытынды күні олар 10 шақырым жүгіріп, оқ дәрі салынған қобдишаларды сүйреуден норматив тапсырды. Селкілдек көпір үстінен өтіп, темір бағаннан төменге сырғанады.

Қиғаш қойылған ағаштардың бірінен еңкейіп, бірін аттап, шынжыр байланған дөңгелектер қабырғасына өрмелеп шықты. Аспалы темірлерді де артта қал­дыр­ды. Су бассейніне секіріп, биік тас қабырғаны бірлесе еңсерді.

Осы уақыт аралығында жан-жақтарын өрт торлап, алдарынан пулемет сақылдап тұрды. Ал өзге де кедергілердің маңына таяған кезде жарылыс болып жатты. Олар бұрқырай атылған пулемет оғынының астынан жорғалап барып, қауіпсіз нүктеде асынып жүрген қаруымен оқ атты. Үміткерлерге бір оқ және бір ғана мүмкіндік берілді. Құм тиіп, су шашылған қару атпай қалса, жауынгер сынақты осы жерде аяқтар еді. Бабы мен бағы қатар шауып, ауыр сыннан сүрінбей өткендер ақтық сын – қоян-қолтық төбелеске шықты. Үш раундтан тұратын жекпе-жектің соңғы бөлімінде рингтегі жігіттер тың тұрған күрең берет иегерлерімен күш сынас­ты. Абырой болғанда, бұған дейін сапта болған 15 үміткердің бәрі де 9 минут бойы соққыларға төтеп берді. Әлі кетіп, күші сарқылғандардың өзі темір­дей төзімділік танытты.

р

Сынақтан сүрінбей өткендерге салтанатты жағдайда қастерлі күрең берет табысталды. Іс-шара­ға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы келді. Құр­метті қонақтардың арасында Ұлт­тық ұлан әскерімен тығыз байла­ныстағы өзге де әскери күш құры­лымдарының басшылары болды.

– «Күрең берет» бас киімін кию әрі «Бүркіт» кеуде белгісін тағу құқығына ие болу жанқиярлық ерлік пен батылдықты талап етеді. Десе де мұндай сынаққа құрыштай шыныққан жауынгерлер ғана баратыны анық. Күрең беретті кию мәртебесіне арналған біліктілік сына­ғынан өту – жауынгерлік рухтың бел­гісі. Бұл іс-шара жастарды Отанға деген адалдық пен риясыз махаббатқа тәр­биелеуге бағытталған, – деді облыс әкімі.

Одан кейін Ұлттық ұлан бас қол­бас­шысының орынбасары, генерал-майор Бауыржан Әбжа­нов сынақтан сүрінбей өткен са­йып­­қы­рандарға «Күрең берет» бас киімін табыстады.

о

– Бұл сынақтар құқықтық тәртіп әскерінің дәстүрлі сабақтастығын жалғай отырып, «Бүркіт» арнайы жасақ жауынгерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды. «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгерлері өздеріне жүк­телген тапсырмаларды сәтті орындап келеді. Сондай-ақ мемлекеттің және азаматтардың конституциялық құқығын қорғауда өз міндеттерін абыроймен атқарып жүр. Биыл желтоқсан айында арнайы жасақтың құрылғанына 25 жыл толады. Осы уақыт аралығында ІІМ және Ұлттық ұлан басшылығы арнайы жасақ жауынгерлерінің дайын­дығына қолдау көрсетіп, назарда ұстап келді. Қазіргі уақытта арнайы жасақ бөлімшелерін қамтамасыз ету деңгейі артпаса, кеміген емес. Сондықтан да мұнда қызмет атқарғысы келетін әскери­лерге қойылатын талап қатаң. Бұл сөзі­мізге «Күрең берет» бауырластығына қосылған жауынгерлердің деңгейі дәлел бола алады. Бүгін күрең берет киген әскери қызметшілердің қатары 15 адамға толығып отыр, – деді Б.Әбжанов.

Сыннан сәтті өткен жауын­герлердің төккен тері, еткен еңбегі ақталды. Олар бұл күнді ешқашан ұмытпақ емес.

– «Күрең берет» алу – менің арманым еді. Осы сынаққа тыңғы­лықты дайындалдым. Маған сенім артқан адамдарға айтар алғысым шексіз. 65 шақырымды еңсердік. Бұл тың­ғы­лықты дайындықтың ғана емес, намыс пен жігердің де арқасында деп ойлаймын. Жасым 41-ге таяп қалды. Бүгінге дейін осы құрметке ие болуды мақсат етіп едім. Былтыр дәл осы сынақтың жартысына келгенде денсаулығым сыр беріп, қалып қойдым. Шүкір, жақындарымның арқасында еңсемді тіктеп, бүгінгі деңгейге жеттік. Бұл мен үшін Олимпиада алтынымен парапар, – деді «ЖАК» есімді жауынгер.

Айта кетейік, әскери қыз­мет­шілер арасындағы қайсарлық пен өжеттікті, шыдамдылық пен төзімділікті сыңға салар айтулы іс-шараны тамашалауға Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикаларының арнайы жасақ өкілдері де келіп, өздерінің жоғары бағасын берді. 

Айта кетейік, әскери қыз­мет­шілер арасындағы қайсарлық пен өжеттікті, шыдамдылық пен төзімділікті сыңға салар айтулы іс-шараны тамашалауға Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикаларының арнайы жасақ өкілдері де келіп, өздерінің жоғары бағасын берді.