22 Маусым, 2010

“АЛТЫН БЕЛГІЛІ” ТҮЛЕКТЕР

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен сенбіде 11 жыл бойы алған білім деңгейлерін абыроймен дәлелдеп шыққан астаналық “Алтын белгі” иегерлеріне қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов төсбелгілерін табыс етті. Бұл салтанатты шара “Қазақ елі” монументі алаңында өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеу қоры­тындысы бойынша Астана еліміздегі ең жоғары көрсеткішті иеленіп, білім сапасы жөнінен алғашқы орынға шықты. “Алтын белгіге” үмітті 133 мек­­теп бітіруші түлек ішінен — 90, ал үздік аттес­тат­қа тапсырған 102 оқу­шыдан 39-ы өз білімдерін лайықты дәрежеде дә­лелдеп шықты. Сөйтіп, ҰБТ қо­рытындысы бойынша орташа балл 97,4-ті құраса, республика бой­ын­ша 84,84-ті көрсеткен. Биыл Аста­на қа­ласында 2 915 түлек сы­нақ тап­сырды. №40 мектеп түлегі Сағындық Ғизат 125 балл жинап, ең жоғары нә­тижеге жетті. Жүр­гізілген сарапта­ма­ға жүгін­сек, ем­ти­ханды дәстүрлі түрде тап­сыруға ниет білдірген елордалық 508 тү­лектің 90 пайызы ел аумағын­дағы және алыс және жақын шетел­дер­дегі жоо студенті атанып үлгерген. Биыл елорданың Алматыдан Астанаға көшкеніне 11 жыл толып отыр. Дәл сол жылы мектеп та­балдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушылары бүгінде мектеп бітіріп отырған түлектер. Міне, осы түлектерді құттықтаған қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов оларға “Алтын белгі” төсбелгісі мен үздік аттестаттарын тапсырды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20