Кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президентін сайлау барысын бір ай бойы толықтай қадағалаған ТМД байқаушылар миссиясы Орталық сайлау комиссиясында баспасөз мәслихатын өткізді. Жиынға ТМД елдерінен келген бірқатар байқаушылар қатысты.
Сайлау кезеңін бақылау бойынша миссия өкілдері өз жұмыстарын ағымдағы жылдың наурыз айының отызынан бастаған болатын. Бір ай көлемінде сайлауалды және сайлаудан кейінгі жағдайларды мұқият барлай отырып, біз бірқатар мәліметтерді хабарлаймыз, деді ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев. Және де ол ТМД миссиясы құрамында сегіз мемлекеттен барлығы 410 байқаушы бар екендігін атап өтті.
Аталған мерзім ішінде егжей-тегжейлі бақылау жасаған миссия өкілдері Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру жүйесіне оң баға беріп отырғандығын жеткізді. Және де сайлаушылардың жоғары деңгейде белсенділік танытқандығын ерекше ықыласпен атап өтті. С.Лебедев бұл орайда «халықтың ағылып, кезекке тұрып дауыс беруі олардың мақсат-мүдделері ортақ екендіктерінің, болашақтарына жауапкершілікпен қараған қадамының көрінісі» деді.
Сонымен қатар, миссия басшысы Қазақстан мемлекетінің заңнамалық жағдайлары да жетіліп келе жатқандығын, халықаралық сайлау құқығының нормаларына сай, тіпті көптеген елдерге үлгі боларлық дәрежеде екендігін атап көрсетті. Және сайлау толықтай «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өтті. Дауыс беру еркін, ашық және демократиялық таңдау қағидаттарына негізделді, деді.
Сондай-ақ, миссия өкілдері сайлауалды және сайлау кезіндегі облыстардың дайындығына байланысты мониторинг жүргізгендерін айтты. 3534 сайлау учаскелерін аралап, олардың әрқайсысына жеке-дара үздік баға беруге болатындығын жеткізді.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55