Білім • 27 Қыркүйек, 2024

Мектептер тексеріледі

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі 2,5 мыңға жуық мектеп тексеріледі. Аталған тексеріс білім сапасын қамта­­масыз ету бойынша жүргізілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Мектептер тексеріледі

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Министрліктің таратқан ақпа­ратына сүйенсек, білім саласында сапаны қамтама­сыз ету комитеті жыл соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2 487 білім беру ұйымын анықтаған. Осыған дейін, анығы жаңа оқу жылының басында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жө­ніндегі аумақтық департаменттер 422 білім беру ұйымында бақылау-бағалау іс-шара­ла­рын жүргізген еді. Ол оқу үдерісіндегі проблемаларды анық­тауға, оқу үдерісінің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты мен біліктілік талаптарына сәйкестігін анық­тауға бағытталды.

Білім саласында сапаны қам­тамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов осы іс-шараға қа­тысты: «Өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2 624 білім беру ұйымын­да түрлі тексеру жүргізді, оның ішінде мемле­кет­тік аттестаттау, профилактика­лық бақылау, шағымдар бо­йынша жос­­пардан тыс тексерулер болды. Тексеру нәтижесінде мұғалімдер­дің біліктілігін арттыру курс­­тарының уақтылы аяқ­­талмауы, мектептер­дің мате­риалдық-техникалық ба­за­­­­­сының талапқа сай қам­та­масыз етілмеуі фактілері анық­­талды», деп түсіндірді.

Негізі мониторинг жасау, сон­дай-ақ бағалау қызметі – білім беру қызметінің сапасын, білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау­ды қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жұмыс.