Білім • 27 Қыркүйек, 2024

Білім сапасының нәтижесі

78 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысы әлемдік білім беру аренасында өз орнын нығайтып, «Сапалы білім» аталымы бойынша «World Innovation Award 2024» жүлдесін жеңіп алды. 128 ел қатысқан бұл бай­қауда облыстың жетістіктері білім саласындағы иннова­циялық тәсілдер мен тиімділікті көрсете білді.

Білім сапасының нәтижесі

Сурет: ru.freepik.com

Аймақта заманауи мектептер салу мен сапалы білім беруді дамытуға ерек­ше көңіл бөлініп отыр. Соңғы жыл­дары 19 жаңа мектеп ашылып, 18 мыңнан астам оқушы орны пайда болды. Жеке инвестиция арқасын­да үш ауы­сымдағы мектептердің саны­ 52-ден­ 39-ға дейін қысқарды.

Халықаралық ынтымақ­тас­­тық­тың көкжиегі кеңейіп, 12 дарынды оқушы Қытай университеттеріне оқу грантын ұтып алса, 4 оқушы халық­аралық лагерьде тәжірибе жинақ­тады. Шетелдік жоғары оқу орын­­дарының филиалдарын ашу жөнін­де меморандумдар да жасалды.

Дарынды балаларды қол­дау мақса­тында «Табысты 50 мек­­теп» жобасы іске асырылып, оқушы­лар­дың олим­пиа­да­лардағы же­тіс­­­тік­тері артып келеді. Білім сапа­­сын арт­тыруға бағытталған жо­ба­лар 3 мың­­­нан аса мұғалімнің тәжі­рибе­­сін шыңдап, 42 мыңнан аса оқушының білім көкжиегін кеңейтті. Өткен жылы өңірдегі 207 мектепте 236 заманауи кабинет ашылса, осы жылға бұл бағытқа 590 мил­лион теңге бөлінген.

Облыс оқушыларының білім деңгейі 75,5 пайызға, ал оқу­шы­лардың білім сапасы ­ 66,1 па­йызға артты. Өткен оқу жы­лын­­­дағы олимпиадалар­да  14 оқу­­­шы халық­­ара­лық деңгейде жүл­делі орындар­ға ие болса, рес­пуб­­ликалық олим­­пиа­да­лар­­дың жеңім­паздар саны да арта түс­кен.

Студенттер мен жастар арасында кәсіптік бағдар беру, педа­го­ги­калық кадр­­ларды даярлау және олим­пиадалық резерв үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу ба­ғы­­тын­дағы жұмыстар жүйелі жал­ға­сып отыр.

 

Алматы облысы