28 Сәуір, 2015

Халық қалауын қалтқысыз танытты

235 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

IMG_1474Ешқандай кемшілік көре алмадым

Виктор ФИСЕНКО, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық  комиссияның Қостанай облыстық филиалының мүшесі. Мен алдымен  Қазақ­стан Президенті  сайлауында бірінші рет байқаушы болғанымды мақтанышпен жеткізгім келеді.  Жауапкершілікті сезінгенім сондай, таңертең сағат 06.00-да сайлау учаскесінің  алдында тұрдым. Сайлау учаскесі  сайлау өткізудің ережесіне сәйкес салтанатты түрде ашылды. Алғашқы келген  сайлаушылармен бірге Қазақстан Республикасының Әнұранын жүрегімізді ұстап тұрып тыңдадық. Сайлаудың өте әділ, ешқандай кінаратсыз өтуіне №3 сайлау учаскесіндегілердің  күш салғанын байқадым. Сайлаушылар  бел­сенділігі өте жоғары бол­ғанын айтар едім. Әсі­ресе, түске қарай  сайлау­шылардың көп келуіне байланысты олар ұзын кезекке тұрды. Тұрғындар тізімнен тез табылып, бюллетеньдер дер уақы­тында беріліп отырды. Тізімнен өзінің аты-жөнін  көре алмай,  көңілі жабырқаңқы болғандарды көргенім жоқ.  Сайлаушылардың  дауыс беруді ұйымдастыруға ренішін есті­генім жоқ. Насихат, үгіт материалдары, артық сөз болған жоқ. Сайлау учас­кесінде қарт кісілер мен бірінші рет дауыс беруге келген жастарға дауыс бе­рудің ережелері түсіндіріліп отырды. ҚОСТАНАЙ.

Тағылымы мол болды

Нәйла НҰРБАЕВА, «Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық комиссия» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мүшесі. Шығыс өңірінде Қазақстан Республикасы Президент сайлау­ы жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Оған қоғамдық байқаушы ретінде өзіміз куә болдық. Барлық сайлау үдерісі еліміздің заңнамасы аясында жүрді. Сайлау учаскелерінің әрқайсысында қоғамдық байқаушылар болды. Яғни, облыс көлемінде 1004 байқаушы жұмыс істеді. Ал облыс орталығы – Өскеменде 115 байқаушы сайлау барысын қадағалады. Олардың ішінде мұғалімдер, зейнеткерлер, жастар да бар. Осы сайлаудың ерекшелігі, ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Сайлаушылар өз еріктерімен учаскелерге келіп, дауыстарын берді. Тіпті, түске дейін көптеген учаскелерде дауыс берудің негізгі бөлігі орындалып қойды. Сайлау учаскелері де аталған саяси маңызы жоғары науқанға жан-жақты дайындалғаны көрініп тұрды. Барлық жерде дауыс беру белгіленген уақытында басталды. Бұл сайлаудан біздің алар тағылымымыз мол болды. Ең бастысы, еліміздің ішкі бірлігі бекем, болашағымызға ешкімнің бейжай қарамайтынын байқадық. ӨСКЕМЕН.

Таңдау негізі – сенім

гулнар насимоваГүлнәр НАСИМОВА, саясаттанушы, Қазақстан Саясаттанушылар конгресі Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі. Сарапшылар болжағанындай, 2015 жылға президенттік сайлау сайлаушылардың жоғары белсенділігін көрсетті. Бүгін біз сайлау институты демократиялық процедураның аса маңызды құрамдасы ретінде бекігенін нақты айта аламыз. Осы жолғы сайлау науқаны қазақстандықтардың тәуелсіздік жылдарында аса бай электоратты тәжірибе жинақтағанын айғақтап берді. Біз азаматтарымыздың жоғары жауапкершілігін, олардың жоғары электоратты мәдениетін көрдік. Жұмыстың ОСК тарапынан, сондай-ақ, кандидаттардың сайлау штабтары тарапынан аса жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтпей болмайды. Бұл үдерістерде халыққа сайлау барысы туралы толық­қанды ақпарат алуға мүм­кіндік берген БАҚ-тардың ерек­ше рөлін де атап көрсеткен жөн. Сайлауға қатысты жоғары бел­­сенділік қазақстандықтардың аза­маттық бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтау бойынша бағытты қолдайтындықтарын айғақтап берді. Бүгінде халық өзінің саяси таңдауына елде басталған реформалардың табыстылығы мен одан арғы саяси даму үдерістері тәуелді екенін айқын сезінеді.

Белсенділік – халықтық қолдау көрінісі

юрий булуктаевЮрий БУЛУКТАЕВ, саясаттанушы. Дауыс беру күні басты іс-қимыл танытатын тұлға сайлаушы болып табылатыны түсінікті. Және Қазақстан электораты 26 сәуір күні өзінің жоғары санатын көрсетіп берді – сайлау учаскелеріне келу деңгейі 90 пайыз төңірегінде болды. Бұл, тұтастай алғанда, әлем бойынша мүлдем кездеспейтін деуге боларлықтай деңгей. Бірінші кезекте, жоғары белсенділік іс басындағы жүйе заңдылығының айғағы болып табылады. Екіншіден, адамдардың дауыс беруге деген қалауы қазақ­стан­дықтардың сайлауға халық билігінің қағидаттарын айшықтайтын демо­кратиялық процедура ретіндегі қызы­ғушылығының көрінісі дегені­міз де жөн. Сондықтан, Отанымыз­дағы сайлаулар ұлттық мереке ретінде өтіп жүр. Үшіншіден, жоғары белсенділік азамат­тардың мемлекет ісіне өзінің қатыс­тылығын сезінуге деген ұмтылысының айғағы ретінде көрінеді.

Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

ерлан сайыровЕрлан САЙЫРОВ, саясаттанушы. Сайлау табысты өтті. Сайлау учаскелеріне дауыс беруге келгендер саны бұрын-соңды болмаған деңгейді көрсетті. Бұл жолғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі – дауыс беру күніндегі мерекелік сезімнің салтанат құруы болды. Мұндай сезім барлық елді мекендерде, қалаларда көрініс берді. Адамдар сайлау учаскелеріне өздерінің болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып қадам басты. Сайлау үдерісін дайындау менеджменті бұған дейінгі сайлау додаларымен салыс­тырғанда ең табыстысы болды десек, қателес­пейміз. Табысты сая­си менедж­менттің арқасында осы жолғы сайлау додасын өткізу үдерістерін жоғары бағалауға негіз бар. Өйткені, халықтың сайлау үдерісіне қатысу мәдениеті, тұтастай алғанда, қоғам­дық са­наның жаңа сапаға көтерілгенін көрсетіп берді. Қорыта айтқанда, сайлау ел­дің қоғамдық-саяси және әлеу­меттік-эконо­микалық өмірін­дегі түбегейлі жаңғыртуларға дайындықтың өзіндік бір емтиханы секілді әсер қалдырды. АЛМАТЫ.