Жемқорлық • 28 Қыркүйек, 2024

Қостанай облысында пара алған мемлекеттік қызметкер 33 млн теңге айыппұл төледі

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қалалық соты пара алғаны үшін «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» РММ су қорын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында пара алған мемлекеттік қызметкер 33 млн теңге айыппұл төледі

Белгілі болғандай, сотталушы бау-бақша кооперативінің басшысынан пара алған. Ол кооперативте су есептегіш құралдарының жоқтығына байланысты заңбұзушылықтар анықталғанымен, тиісті шара қолданбай, 1 111 000 теңге көлемінде пара алған.

Қылмыстық іс қысқартылған тәртіпте өтті. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 30 еселенген мөлшерінде, яғни 33 360 000 теңге айыппұл салуды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

«Істің барлық мән-жайын, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын, сондай-ақ ҚК-нің 55-бабында көзделген жазаның шектерін ескере отырып, сот М.-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде – 33 360 000 теңге айыппұл салу жазасын тағайындады», делінген хабарламада.