Есірткі • 29 Қыркүйек, 2024

Ақмола облысында ірі есірткі арнасы жойылды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында зиянды заттармен байланысты тағы бір қылмыс анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

Ақмола облысында ірі есірткі арнасы жойылды

ШҚО ПД

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіленді.

Дайындалған синтетикалық заттардың қара нарықтағы құны 34 млн теңге. Одан бөлек, 5 млн теңге болатын 2 келіден астам гашиш табылды.

54 жастағы ер адам есірткіні тек өз үйінде ғана емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.