28 Қаңтар, 2015

Қазақстанға тұңғыш рет

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
АҚШ Қарулы күштері үш түрінің жоғары сержанттық құрамының өкілдері келді Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары қарулы күш­тері жоғары сержанттық құрамының симпозиумы басталды. Екі елдің өкілдері өткен жыл­дар­дағы екіжақты әскери ынты­мақ­тастық саласындағы жетіс­тік­тер мен сержанттар жүйесі­нің даму перспективаларын  тал­қы­лайды деп жоспарлануда. Аталған сим­позиумның ерекшелігі – Қазақ­станға тұңғыш рет АҚШ Қару­лы күштерінің бірден үш түрі­нің жоғары сержанттық құра­мының өкілдері келуінде. Олар: командалық сержант-майор, АҚШ ҚК Орталық қолбасшылық құрлық әскерлерінің (ARCENT) бас сержанты Ронни Келли, командалық шебер бас старшина Скотт Флеминг, АҚШ ӘТК (NAVCENT) 5-ші флотының бас старшинасы-командалық шебер-сержант Рэймон Колон-Лопес,  АҚШ ӘӘК (AFCENT) қолбасшылығының бас сержанты. Олардан басқа, АҚШ ҚК қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамын даярлау жүйесін дамыту саласындағы сарапшылар тобы келді. Екі елдің сарапшылар тобы­ның міндеті – бірлесе отырып келісімшарт бойынша әскери қыз­метке кандидаттарды іріктеу және даярлау саласында дүниежүзілік тәжірибені зерттеу, оқу-жаттығу орта­лықтарында жас буынды оқы­ту бағдарламасы, сонымен қа­тар, оқы­ту­дың жаңа әдісін қол­да­на оты­рып, сержанттық құ­рам­ның білік­ті­лігін арттыру курс­тарын жаңғырту. Қазақстан тарапынан симпо­зиумға Қарулы Күштер Бас штабы сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының өкілдері, Құрлық әскерлері, Әскери-теңіз күштері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-әуе күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Әскери полиция бас басқармасы, Қорғаныс министрлігі Кадет кор­пусының өкілдері және басқа да әскери қызметшілер қатысуда. Қазақстан Республикасы мен Америка Кұрама Штаттары қарулы күштері жоғары сержанттық құ­рамының симпозиумы 30 қаңтарға дейін жалғасты. «Егемен-ақпарат».