Көрінбейтін майданның жауынгерлері әскери хирургтердің күрделі міндеттерді орындайтыны сөзсіз. Ондай оташылар ондаған Отан қорғаушыларға ем жасап, олардың өмірін сақтап қалады.
«Дәрігердің, оның ішінде хирургтің жұмысы психологиялық, физикалық күшті, төзімділікті талап етеді. Мысалы, адам тағдыры қыл үстінде тұрған кезде хирургке оны құтқарып қалу үшін 8-10 сағаттық ота жасауға тура келеді», – дейді Бас әскери клиникалық госпиталь бастығының ғылыми-хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары, жетекші хирург подполковник Ержан Смайыл.
Әскери хирургтердің жұмысы бір ғана қаламен шектеліп қалмайды, қажет болған жағдайда бригадалар Қазақстанның ең қашық деген өңіріне де баруға дайын.
«Бірде біз жедел шақырумен батысқа бардық. Сол жерге жеткенде бір адам үшін тұтас бір дәрігерлік бригаданың осынша қашықтықтан ұшып келгеніне таң қалған болатын. Нәтижесінде, біз сол жерде екі ота жасадық. Сосын бір пациентті Астанаға жеткіздік. Сол жерде тағы бір пациентке екі күрделі ота жасап, нәтижесінде оның өмірін сақтап қалдық», – дейді подполковник. Осы оқиғадан соң ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталыпты.
Әскери дәрігердің қызмет жылдарында бұл сияқты оқиғалар аз кездескен жоқ. Е.Смайыл: «Әскери дәрігерлердің жұмысы, ең алдымен, Отан қорғаушыларға арналғанын, алда-жалда бақытсыз жағдай орын ала қалса, оларға әскери дәрігерлердің көмекке келетінін, оларды құтқару үшін дәрігерлердің қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенімді болулары керек», дейді.
Айгүл Сейілова,
«Егемен Қазақстан».

Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54
Алматыда көлік саудасы пышақтаумен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 09:17
Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі: Кәсіпкер ауылға спорт нысанын сыйлады
Қоғам • Бүгін, 09:11
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
Спорт • Бүгін, 08:43
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:13