Экология • 30 Қыркүйек, 2024

Каспий теңізінде алғаш рет күшті Торнадо тіркелді

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізінде, Қашаған кен орны маңында алғаш рет күшті торнадо тіркелді. Ғалымдар қазір табиғат құбылысын зерттеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Каспий теңізінде алғаш рет күшті Торнадо тіркелді

Фото: “Pace Analytics”

Liter.kz-тің жазуынша Торнадоның суреті Pace Analytics Telegram арнасында жарияланған. Мақаланың авторы оқиға Қашаған кенішіндегі D аралының маңында болғанын айтады.

«Бұл құбылысты қазір Ақтаудағы Есенов атындағы  университеттің ғалымы Геннадий Владимирович Тарасенко зерттеп жатыр.Ол сондай-ақ  жер өрісінің энергиясының өзгеруін де зерттейді. Тосын  құбылыстың пайда болуының негізгі себебі осы болуы мүмкін»,  делінген хабарламада.