Сенат • 30 Қыркүйек, 2024

Сенаторлар аса қауіпті аурулардың таралуын болдырмау туралы заңды қарады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 3 қазан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгілеп, Палатаның алдағы іс-шараларын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар аса қауіпті аурулардың таралуын болдырмау туралы заңды қарады

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Құжаттың нормалары жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмауға, аса қауіпті аурулардың зертханалық диагностикасын жетілдіруге, сондай-ақ микроорганизмдердің (штаммдардың) ұлттық коллекцияларын толықтыруға және Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумақтарын эпизоотиядан қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар аталған халықаралық құжатта тараптардың эпизоотиялық ахуалы мен ғылыми мүдделерін ескеретін аккредиттелген және референттік зертханаларда биологиялық материалға зертханалық зерттеулер жүргізу қарастырылады. Материалды іріктеу, қаптау және тасымалдау халықаралық стандарттарға, оның ішінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымының ұсынымдарына сәйкес іске асырылады.

Сондай-ақ Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты Комитеттерге бөлініп берілген.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35