ТАРАЗ. 28 сәуір. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ерлан Тоқтарұлы Масалимов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Тоқтарұлы Масалимов 1965 жылы туған, білімі жоғары. 1990 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі және 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Семей қаласындағы жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып бастаған.
1990-1991 жылдары Семей қаласында облыстық клиникалық ауруханасының интерн-дәрігері, 1991-1998 жылдары Семей облысы Мақаншы ауданының Бахты ауылдық учаскелік ауруханасының бөлім дәрігері, аудандық медициналық бірлестігінің директоры, 1998-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының бас дәрігері, аудандық медициналық бірлестігінің меңгерушісі, 2000-2005 жылдары Өскемен қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде басқарма бастығы, 2006-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің бөлім бастығы, Өскемен қаласының денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры, 2010-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы, 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы қызметтерін атқарған.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Президент • Бүгін, 16:08
@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты
Экология • Бүгін, 15:59
Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:23
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20